Гаитидегі тасқыннан 8 адам ажал құшып, мыңдаған үйлер су астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кариб теңізіндегі Испаньол аралдарының біріндегі Гаити және Доминикан Республикаларында нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласты.

Гаитидегі тасқыннан 8 адам ажал құшып, мыңдаған үйлер су астында қалды

Гаити Республикасында кемінде 8 адам қаза тауып, мыңнан астам үйлер су астында қалды. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, дауылдан кейінгі нөсер жауын салдарынан егін тапталып, малдар қырылып қалған.

Доминикан Республикасында өзендер жағалауларынан асып тасып, жолдарды су басып кеткен, салдарынан елді мекендер арасындағы байланыстар үзілген. Көрші Пуэрто-Рико аралында да дауылдан кейін су тасқыны орын алды.