Гаитидің бұрынғы диктаторы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаbтидің бұрынғы президенті Жан-Клод Дювалье 63 жасында жүрек талмасынан өз үйінде көз жұмды, деп хабарлады Associated Press оның адвокатына сілтеме жасап.

Гаитидің бұрынғы диктаторы көз жұмды

Өзін өмір бойы президент деп жариялаған Дювалье көтеріліс салдарынан тақтан тайдырылған болатын. Ол 25 жыл бойы қуғында болып, Aранцияда өмір сүрді.

2011 жылы экс-диктатор Гаитиге қайтып оралды. Ол елді 19 жасында диктатор-әкесі Франсуа Дювальеден «мұраға» алып, басқарған еді. Оған жұрт дәрігер болғандықтан «Папа Док» деген атақ берді.

Өз кезегінде Жан-Клод «Бэби Док» атанды. Ол әлемдегі ең жас президент болды және елді 1971 жылдан бастап 15 жыл бойы басқарды. Оның кезінде елде диктатура әкесіне қарағанда аздап жұмсарды.