Гаитидің солтүстігінде нөсер жауын салдарынан 13 адам қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM – Гаитидің солтүстігінде жауған нөсер жауын кемінде 13 адамның өмірін қиып, мыңдаған үйге зақым келтірді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

13 человек погибли в результате сильных дождей на севере Гаити
Фото: Wajo Regional Disaster Management Agency

Метеоқызмет жұманың кешіне дейін елдің барлық өңірінде дерлік найзағайдан қауіп бар екенін ескертті. Сондай-ақ су тасқыны болуы да ықтимал.

Кап-Аитьен қаласының оңтүстік-шығыс өңірінде жауын салдарынан көшкін жүріп, бірнеше үйді қиратты, 12 адам мерт болды, деп мәлімдеді Гаитидің төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі бейсенбі күні жарияланған мәлімдемесінде.

2 мыңнан астам үйді су басты.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік елдің солтүстігінде көп мал қырылып, орталық өңірлерде де фермалардың бұзылғанын айтты.