«Ғалам» қазақстандық-француздық кәсіпорнының бас директоры тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ғалам» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен Айберген Русланұлы «Ғалам» кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Хаттаманы жиналыс төрағасы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин француздық әріптестерінің келісімімен бекітті.
Айберген Русланұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да
2013 жылдан бері еңбек етеді. Жобалар офисіне жетекшілік етті, ал 2015 жылдың наурызынан бастап перспективалық жобалар Орталығының директоры болып тағайындалды. 2015 жылдан бастап «Ғалам» ЖШС Байқаушылар кеңесінің мүшесі.
Еске сала кетсек, «Ғалам» ЖШС 2009 жылы ҚР Жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін жасақтап бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында құрылған. Сондай-ақ Астанада «Ғарыштық аппараттардың жинау-сынақ кешенін құру көзделген.
Бірлескен кәсіпорында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ -нфң жарғылық капиталы 72 пайызды, француздық «EADS Astrium» (қазіргі уақытта «Airbus Defence and Space») сәйкесінше 27,5 пайызды құрайды. Мемлекеттік орган - ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің үлесі 0,5 пайыз.