Ғаламдық дағдарыстың нақты себептерін әлі күнге дейін ешкім атап бере алған жоқ

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сарапшылар қаншама мәжілісінде, мемлекетаралық екіжақты үздіксіз консультациялардың ешқайсысында әлі күнге дейін дағдарыс тығырығынан шығар жолды ұсына алмады. «Аспандау» қорының басқарма төрағасы, Гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры Сергей Грисюк бүгін Алматыда өткізген ақпараттық-білім беру семинарында осындай пікір айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қалыптасқан түйткілдерді шешудің айқын да қарапайым стратегиясын әлі ешкім ұсына алған жоқ. Сарапшылардың сансыз мәжілістерінде де, ең жоғары үздіксіз мемлекетаралық екіжақты консультациялар мен әлемдегі озық жиырмалықтың 2008 жылдың қарашадағы саммитінде және одан кейін де ол өзгеріссіз қалуда. Сондай-ақ тығырықтан шығудың жолын ғана емес, дағдарыстың нақты себептерін де әлі күнге дейін ешкім атап бере алмауда», дейді Сергей Грисюк. Оның пайымдауынша, бұл әлемдік экономикалық ахуалды одан әрі қиындатуда. Сонымен қатар өзгерістерді де толық түсінуге мүмкіндік бермей отыр.
Соңғы жаңалықтар