«Ғаламдық қауіп-қатер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ІІ Астаналық экономикалық форум өтеді

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылдың көктемінде «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы (ҒЕЭКҚ) құрылған болатын.
None
None
Оның мақсаты ? экономикалық және әлеуметтік дамудың өзекті проблемаларын шешу үшін әртүрлі елдердің экономика саласы ғалымдарының күш-жігерін біріктіру. Аталмыш қауымдастықтың Үйлестіру кеңесі ғалымдардың халықаралық экономика қауымдастығын әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын табу үшін күш-жігер біріктіруге шақырады.Осыған орай ағымдағы жылғы наурыздың 11-12-сі күндері Астанада «Еуразияның ғаламдық қауіп-қатер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ІІ Астаналық экономикалық форум өтеді. Тағы бір айта кетер жайт, аталмыш басқосуға қатыса алмағандардың 2009 жылғы наурыздың 1-і мен 10-ы аралығында www.economyclub.info сайтында жоғарыда аталған тақырыпта өтетін Интернет-форумға қатысуына болады. Ең таңдаулы ұсынымдар G-20 Мемлекет басшылары саммитінің Ашық хаттар мәтініне кіргізіліп, ҒЕЭКҚ атынан сыйақымен марапатталады.
Соңғы жаңалықтар