Ғаламдық жылыну қауіпті бактерияны көбейтіп отыр
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Климаттың өзгеруі Еуропаның солтүстігінде жұқпалы ішек ауруларын өршітетін бактерияның күрт көбеюіне ықпал етіп отыр.
Еуропалық және америкалық ғалымдардың бұл туралы зерттеуі Nature Climate Change ғылыми басылымында жарияланды.
Reuters-тің хабарлауынша, Балтық теңізі аумағында Vibrio бактериясының қаптағаны белгілі болды. Ұлыбритания, Финляндия, Испания және АҚШ ғалымдарынан құралған комиссия микроағзалардың тарауына теңіз ауданында ауа температурасының тым жоғарылауы себеп болғанын анықтады. Бактериялардың бұл тобының өкілдері тырысқақ пен гастроэнтерит ауруларын туғызады. Олар теңізге шомылған немесе теңіз өнімдерін қолданған адамдар арқылы тарауы ықтимал. Мамандардың айтуынша, ауа температурасының бір градусқа көтерілуі Vibrio бактериясы қатарын 200%-ға көбейе түседі. Қазіргі уақытта климаттың өзгеруінен өршитін қауіпті бактерияның Чили, Перу, Израиль, АҚШ аумағынан да анықталғаны белгілі болып отыр.
Алаш айнасы