Ғаламшар Жаңа жылды қарсылауда

Австралияда Гринвич бойынша сағат 13.00-те түнгі аспанды Синдей қойнауындағы отшашулар жарқыратып жіберді. Ескі жылды шығарып салуға миллионнан астам адам келді.
Дегенмен 2016 жылдың келуін алдымен қарсы алған елдер Самоа мен Кирибати болды.
Гонконг, Синапур және Бейжің сияқты үлкен қалалар Жаңа жылды әрқайсысы өзінше қарсы алдын
Египетте мерекені Каирдің маңындағы Гизеде пирамидалар түбінде қарсы алуға әзірленуде, оған мыңдаған ту ристер шақырылды.
Әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдағы «Бурж-Халифа» Жаңа жыл келуі сәтінде 400 мың жарықдиодты шамдармен, отшашулармен жарқырай түсті. Оған 1,6 тонна петардалар, ракеталар және басқа да ойын-сауық құралдары қолданылмақ.
Жаңа жыл салтанатына Дубайда «Бурж-Халифадан» таяқ тастам жердегі қаланың ортасында орналасқан Address Hotel Downtown қонақүйін шарпыған орасан зор өрт те бөгет бола алмады.
Жаңа жыл Еуропаға келгенде, оны көптеген еуропалық астаналарда миллиондаған адамдар көшелерге және алаңдарға шығады. Берлиндегі Бранденбург қақпасы мерекеге әзірленуде.
Әлемнің көптеген елдерінің астаналары лаңкестік шабуылы қаупіне қарамастан, көптеген тұрғындардың қатысуымен мерекелік шаралар өткізуге әзірленуде, оларда қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.
Мадридте 25 мың адам ғана Пуэрта дель Сол орталық алаңына жіберіледі. Лондонда Темза жағалауында жаңа жылдық дәстүрлі отшашуға билет сатып алған 100 мың адам жиналады.
Тем временем в Сьерра-Леоне люди радуются возвращению к нормальной жизни после объявления о прекращении эпидемии тропической лихорадки Эбола. В прошлом году столица страны Фритаун производил впечатление брошенного города, в этом году он снова заполнен ликующими толпами.
Ал Сьерра-Леонеде адамдар Эбола тропикалық безгегі жойылғаны туралы хабарландырудан кейін қалыпты өмірге оралғандарына қуанышты. Өткен жылы ел астанасы Фритаун иесіз қалған қала сияқты болған, биыл мұнда қуанышты жұрт тасқынын көруге болады.
Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында қатаң қауіпсіздік шараларына қарамастан Жаңа жылды миллион адамға дейін қарсы алмақ.
Рио-де-Жанейродағы атақты Копакабан жағажайында бразиялықтар Жаңа жылды, самба музыкасының жүз жылдығын және алдағы Олимпиада жылын атап өтеді.