Ғаламшарда яған тілін білетін бір ғана тұрғын қалды

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Яған тілін білетін бір ғана ғаламшар тұрғыны қалды. Ол 1938 жылы дүниеге келген Кристина Кальдерсон. Сондықтан да оның есімі биыл Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
None
None

Яган тілі Оңтүстік Американың оңтүстік түпкіріндегі Отты жерді мекендеген аборигендердің ана тілі. 19 ғасырдың соңында Аргентина мен Чили мемлекеттері осы аймақты өз иеліктеріне алып, аралды игере бастағанда 10 мыңнан астам яган халқы бар болатын. Ал 1930 жылы түрлі аурудың, күштеп көшірудің, зорлық-зомбылықтың салдарынан олардың саны 70 адамға дейін қысқарды. Бүгінгі таңда Чилидегі Наварино аралында яган тілін білетін жалғыз адам тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар