02:11, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ғаламшардағы ең толық адам қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Обрегон қаласында ғаламшардағы ең толық ер адам болып саналатын 38 жастағы Андрес Морено қайтыс болды.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, оның көз жұмуына инфаркт себеп болған.
Мореноның салмағы 444 кг болған. Қазан айында оған денесіндегі майдың біраз бөлігін алып тастау үшін ота жасалды. Сондан кейін дәрігерлер оған тағы бір ота жасаған. Келесі айда Морено салмақ жоғалта бастаған, жалпы 30 кг салмақ тастаған. Желтоқсан айында оған дәрігерлер ауруханадан шығып, үйіне баруға рұқсат береді. Бірнеше күн өткен соң өзін ол өзін жайсыз сезініп, ауруханаға келе жатқан жолда инфаркт алып, жан тапсырған.