Ғаламшарды құтқарып қалуға 96 ай ғана уақыт қалды

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Ақырзаманға аз уақыт қалды - небәрі 8 жылдай ғана. Дәлірек айтқанда, ақырзаманның өзіне емес, адамзаттың оның алдын ала алмайтын кезеңге осыншама уақыт қана қалды,
None
None

дейді жаһандық экологиялық жүйені қорғау саласындағы белсенділердің бірі және британ тағының мұрагері бекзада Чарльз. ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бекзада Чарльз бұл туралы сәрсенбі күні St James's Palace орталығында болған қабылдауда өнеркәсіпшілер мен экологтарға хабарлады. Уэльс бекзадасының эмоциялық әңгімесін The Independent басылымы, табиғи апокалипсистің тамырын экономикалық проблемалардан іздестіруге негізделген өз пәлсапасын таныстырудың бірінші талпынысы деп жазып отыр. Алдымен экономикалық дағдарыс орын алатынына, оның ізін ала экологиялық апаттың болатынына бекзада Чарльз сенімді.

Ол барлық табиғаттың «әлемдегі ең үлкен банк» екенін түсінбей отырған капиталистерге шүйлікті. Бекзада сондай-ақ, тойымсыз тұтынушыларды да сынға алды. «Әлемдік өндірістің өсуі мен еселеніп отырған тұтыну қарқыны әлемді экономикалық және экологиялық дағдарыстың алдына әкеліп отыр. Бұл мәселеге үстіртін қарайтын уақыт келмеске кетті. Менің есебім бойынша, әлемді аман алып қалуға небәрі 96 ай ғана уақыт қалды. Олай болмаған жағдайда, ғаламшар экологиясында орын алып жатқан үдерістерді тоқтата алмаймыз», деп мәлім етті бекзада Чарльз.

Соңғы жаңалықтар