Ғаламтор арқылы әріптесіне тіл тигізген футболшылар үш айға түрмеге қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Даби соты екі футболшыны спортпен айналысатын басқа адамға тіл тигізген бейнені ғаламторға жариялаған үшін үш айға түрмеге қамау жазасына кесті.
None
None

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлап отыр.

Бұдан басқа, сот бейнежазба жарияланған сайттың иесіне айыппұл салып, оны роликті жойып тастауға міндеттеді.

Сот бұл бейнеде балағат сөздері бар екенін, сондай-ақ БАӘ-нің этикалық және моральдық құндылықтарына қайшы келетінін қаулы етті.

Спортшылар қыркүйек айында әлеуметтік желілерге әдепсіз қылықтары мен тіл тигізу сөздері бар бейне пайда болған соң ұсталған.

Соңғы жаңалықтар