Ғаламторда «халал» іздеу жүйесі ашылды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Ғаламторда мұсылмандарға арналған Halalgoogling атты іздеу жүйесі ашылды. Жүйе шариғатқа теріс, исламға қайшы, харам саналатын контенттерді сүзгіден өткізіп отырады. Атап айтсақ, порно, гей, лесбиянка, бисексуал, құмар ойын секілді сөздермен байланысты контенттерді, сондай-ақ, исламға қарсы материалдарды шығармайды. Тіпті, «порно», «плэйбой», «Мұхаммедтің (с.а.у.) суреті», «Ашаға керілген Иса» деген секілді кілт сөздерді де тауып бермейді, оның орнына «Ештеңе табылмады немесе сіз харам контент іздеп жатырсыз» деген жазу шығады.
None
None

muslim.kz сайтының жазуынша, Интернет-сарапшылар тобы бұл жобамен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеген.

Бұл жүйе өзінің іздеу нәтижесін Google және Bing секілді танымал жүйелерден алады.

Соңғы жаңалықтар