Ғаламторда малайзиялық Boeing құлағаннан кейін түсірілген видео жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Associated Press Халықаралық ақпарат агенттігі малайзиялық Boeing-777 ұшағы Донецк түбінде апатқа ұшырағаннан кейін жергілікті тұрғындар түсірген бейнероликті жариялады.

Ғаламторда малайзиялық Boeing құлағаннан кейін түсірілген видео жарияланды

Ақпарат агенттігі Грабово елді мекені тұрғындарының бірі ұялы телефонына түсірген видеоны жариялаған. Жергілікті тұрғындар әуелде құлаған Украина ӘӘК ұшағы деп ойлаған.

Еске сала кетейік, Амстердам (Нидерланды) - Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.