Ғаламторда танысқан жұптардың барлығы бірдей бақытты бола бермейді - ғылыми зерттеу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда мамандар арнайы мақсатпен ғаламтор желісі арқылы танысқан 550-ге жуық әйел арасында сұрау жүргізді, деп жазады «The Hindustan Times».
Сұралған 26 мен 35 жас аралығындағы әйелдердің 88 пайыздан астамы әлеуметтік желі арқылы тұрақты байланыс орнату үшін серік іздеген. Ал 18-25 жас аралығындағы нәзік жандылардың шамамен 29 пайызы кездейсоқ қатынасқа себеп іздепті. Ал, шамамен 38 пайыз респондент өзі тұрып жатқан елді мекеннен өмірлік серік іздеу үшін ғаламтор желісіне жүгінген.
Ғалымдар, ғаламтор арқылы танысқандардың өмірде кездесіп, баянды болуына елді мекеннің жақын орналасуы маңызды рөл атқарғанын айтты. Алайда, зерттеушілер ғаламтор арқылы біліскен жұптардың, өзге өмірде танысып, табысқандарға қарағанда жиі ажырасып жататынын анықтаған.