Ғаламторды тұрақты пайдаланатын қазақстандықтардың саны 8,9 миллионнан асып жығылды- Д.Мыңбай

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Ғаламторды тұрақты пайдаланатын қазақстандықтардың саны 8,9 миллионнан асып жығылды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Әлеуметтік қауіпсіздік және БАҚ» тақырыбындағы семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты.

«Бүгінде Қазақстанда ашық ақпараттық қоғам қалыптастыру белсенді жүруде. Бұл үдерістің қарқындылығы әсіресе ғаламтордың жылдам дамуымен айқын сипатталады. Соңғы мәліметтер бойынша, бүгінде Ғаламторды тұрақты пайдаланатындардың саны 8,9 млн. адамнан асып жығылады», - деді ол.

Оның пайымынша, ғаламтор ресурстарды қоса алғандағы қазіргі заманғы БАҚ қоғамдық ой-пікір қалыптастыруда зор мүмкіншілікке ие.

«Біздің азаматтардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратқа барынша сенеді. Сонымен бірге қорқынышты әрі тосыннан жазған сайын сенімдері арта түседі. Бұл адамзат табиғатының ерекшелігі», - деді Д.Мыңбай.

 

 

Соңғы жаңалықтар