13:13, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
Ғаламтордың жылдамдығы бойынша Қазақстан 66-шы орынды иеленеді
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл қаңтар айының iшiнде 167 елдің Ғаламтор желiсiндегi кiріс жылдамдығына тестілеу жүргiзiліп, Қазақстан 5,64 секундына Mbit нәтижесiмен 66 орыннан көрінді. Бұл туралы «thenews.kz» порталы хабарлады.
ТМД елдерінің арасында 5.66 Mbit/s нәтижесімен Қырғызстан 64-ші орынды иеленді, 66-шы орында - Қазақстан (5.64 Mbit/s). Өзбекстан 2.01 Mbit/s нәтиже көрсетіп, 118 орынға табан тіресе, 1.58 Mbit/s-пен Тәжікстан 136-шы орынға жайғасыпты.
Ең төмен жылдамдықты Ғаламтор Ливан мен Зимбабведе - сәйкесінше 0.47 Mbit/s және 0.38 Mbit/s.
Оңтүстік Корея 36,76 Mbit/s нәтижесімен бірінші орында. Сондай-ақ Литва (30,12 Mbit/s) мен Латвия (26,29 Mbit/s) көш бастап тұр.