Галапагос аралдарында алып тасбақаның жаңа түрі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зоологтар Эквадорға тиесілі Галапагос аралдарында алып тасбақаның жаңа түрін анықтады. Оны Жалғыз Джорджты асыраған Фаусто Льереннің құрметіне Chelonoidis donfaustoi деп атады.
None
None

Эквадордың табиғат министрлігінің ақпаратынша, Санта-Круста шамамен 250 тасбақа мекендейді.

2012 жылы шамамен 100 жасында өлген галапагостық тасбақалар өкілін Жалғыз Джордж деп атаған болатын.

XIX ғасырдың соңына қарай Галапагос архипелагында өте үлкен тасбақалар колониясы болған. Алайда теңізшілер мен балықшылар оларды ет үшін өлтіргендіктен жойылудың аз-ақ алдында қалды, деп хабарлайды Би-би-си.

Соңғы жаңалықтар