Галбадрах Отгонцэцэг Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг 11-12 ақпан күндері Франция елінің астанасы Парижде өтетін «Үлкен дулыға» турниріне қатысады. Ол ұлттық құрамада қыздар арасында қатысатын жалғыз спортшы, деп жазады Массагет.кз.
Париждегі «Үлкен дулыға» турниріне ерлер арасында Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Асхат Тельманов (60 келі), Мейіржан Қалтаев (66 келі), Мәуленин Әбілхайыр (66 келі) және Елдос Жұмаханов (73 келі) қатысады.
Айта кетейік, кеше Галбадрах Отгонцэцэг тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған арнайы медальмен марапатталды .
