Галидулла Азидуллин экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Kazinform Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

галидулла азидуллин
Фото: primeminister.kz

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.