Ғалым Алтай жартастарындағы тылсым бас киімдердің құпиясын ашып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Новосібірлік Глеб Кубарев жетекшілік еткен археологиялық отряд 2026 жылғы далалық маусымда ғалымдарға беймәлім бас киім киген адамдар бейнеленген петроглифтерді тапты, деп хабарлайды «Телеинформ» АА.

Фрагмент петроглифов.
Фото: РҒА СБ Археология және этнография институты

Зерттеулер Орталық Алтайда — Онгудай ауданы мен Шу даласында жүргізілгенін ТАСС баспасөз мәслихатында РҒА Сібір бөлімшесі Археология және этнография институтының палеометалл археологиясы бөлімінің меңгерушісі, РҒА академигі Вячеслав Молодин мәлімдеді.

Табылған петроглифтерде негізінен аң аулау көріністері, шайқас және ғұрыптық сюжеттер бейнеленген. Ғалымдар ежелгі адамдардың мүлдем бөлек әрі ерекше бас киімдеріне айрықша назар аударып отыр.

— Егер қазіргі этнографияға — оңтүстік қазақтарынан, алтайлықтардан, яғни осы аудандардың байырғы халқын қарасақ, мұндай бас киімдерді кездестірмейміз, - деп атап өтті Вячеслав Молодин.

Оның айтуынша, бұл бас киімдер «белгілі бір ғұрыптық символиканың болғанын меңзейді». Қазір ғалымдардың алдында осындай бас киімдердің қолданылу себебі мен табылған сюжеттердің сырын ашу міндеті тұр.

Глеб Кубарев осы тақырып бойынша докторлық диссертациясын аяқтау үстінде.

Бұған дейін Батыс Алтайда табиғаттың өзгеруі қалай зерттелетінін жазған едік.