Ғалым Құныпия Алпысбаев дүниеден өтті

Ғалым өмірден озды
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру үздігі Құныпия Алпысбаев өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құныпия Алпысбаев 1949 жылы тамыздың 4 жұлдызында Қытай Халық Республикасының Баяндай ауылында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдап, университет басшылығының ұсынысымен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, дайындық бөлімі деканының орынбасары, сырттай оқытатын филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

1986 жылы «Қазіргі қазақ поэмасының жанрлық мәселелері» және 2000 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік» атты тақырыпқа докторлық диссертация қорғап, 2001 жылы профессор атағына ие болды. Елімізде алғаш ашылған «әдеби шығармашылық» және «көркем аударма теориясы» секілді мамандарын дайындауда сапалы оқу-әдістемелік кешендері мен бағдарламаларын әзірлеген. Көптеген сын-зерттеу мақаласының бірқатары шетелде, яғни, Түркия, Қытайда басылған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымы Құныпия Қожахметұлының өмірден өтуіне байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Соңғы жаңалықтар