Ғалымдар тышқандарға арналған VR көзілдірігі арқылы миды зерттеп жүр

АСТАНА. KAZINFORM — Нью-Йорктегі Корнелль университетінің ғалымдары тышқандардың қозғалысқа реакцияларын зерттеу үшін көзілдірік жасап шығарды, деп хабарлайды Kazinform BILD-ке сілтеме жасап. 

Ученые изучают мозг с помощью VR-очков для мышей
Фото: BILD

Тышқандар кез келген бағытта қозғалуға мүмкіндік беретін арнайы айналмалы шарға орналастырылып, қозғалу кезінде оларға әртүрлі суреттер мен бейнелер көрсетіледі. Бұл ретте ғалымдар жануарлардың нейрондық белсенділігін жазып, олардың реакциясын бақылайды.

— Тышқандар генетикалық деректер, лабиринттерді шарлау қабілеті және ірімшік үшін жұмыс істеуге дайындығының арқасында ұзақ уақыт бойы мінез-құлық және неврологиялық зерттеулердің танымал моделі болды, — делінген зерттеу тобының мәлімдемесінде.

Ғалымдардың сөзінше, тышқандар және VR көзілдіріктерімен эксперименттер жалғасады: олар Альцгеймер ауруына ем іздеуде мидың пайдалы жұмысы туралы жаңа деректерді бере алады.

Айта кетейік, әлемде 55 млн-нан астам адам деменциядан зардап шегіп жүр. Бұл көбіне емі әлі табылмаған Альцгеймер ауруымен байланысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ғалымдар -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін қоспа ойлап тапты.

Соңғы жаңалықтар