Ғалымжан Жусанбаев Атырау мұнай зауытының бас директоры болды
Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалды. Енді бұл лауазымды Ғалымжан Жусанбаев атқаратын болды, деп хабарлайды Kazinform.
Ғалымжан Жусанбаев 2005 жылдан бері мұнай-газ өнеркәсібі саласында жұмыс істейді. Осы саладағы бірнеше компанияға басшылық еткен. Әр жылдары «SAT Operating Aktau» ЖШС-нің зауытында бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдер» АҚ-да, «Petro Export» ЖШС-да бас директор лауазымын атқарған.
Осы кезге дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын Мұрат Досмұратов атқарып келді. Ол бұл лауазымға 2022 жылғы шілдеде тағайындалған. Оның зауыттың бас директоры ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының бюджетке төлейтін салығы былтырғыдан 1,5 есеге артқанын жазған едік.
Сондай-ақ Атырау МӨЗ-дің бір ақталып, бір қамалған экс-бас директорына түпкілікті үкім шыққанын хабарлаған болатынбыз.