Галина Воскобоева Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Мельбурнде өтіп жатқан теннистен Аустралияның ашық чемпионатының екінші айналымына өтті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Бірінші айналымда 29 жасар қазақстандық теннисші Румыния өкілі Ирина-Камелия Бегуді 7:5, 4:6, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Айта кету керек, Воскобоева үшінші партияда 1:5 есебімен есе жіберіп жатқан болатын, алайда алты гейм қатарынан ұтқан жерлесіміз жеңісті қолдан бермеді. Оның келесі кездесудегі қарсыласы Карла Суарес Наварро болмақ. Қазіргі уақытта Галина Воскобоева WTA рейтингісінде 77-орында тұр.