Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Тарихи алтын: Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет жазды.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен ваззари, кейін иппон ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар