Gallup: АҚШ-та Обамаға көбіне мұсылмандар қолдау көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Обама АҚШ қоғамының мұсылмандар ортасында қолдау тауып отыр, ал өзге діни сенімдегілер Ақ үй басшысына көңілдері толмай отырғанына жұма күні жарияланған Gallup сауалнамасы дәлел, деп хабарлады ресейлік "Жаңалықтар" агенттігі.

Gallup: АҚШ-та Обамаға көбіне мұсылмандар қолдау көрсетеді

Зерттеуге сәйкес, мұсылмандардың 72 пайызы Обаманың жұмысын оң бағалауда, католиктердің 51 пайызы мемлекет басшысының қызметіне қанағаттанбай отыр. Ал протестанттардың 38 пайызы ғана Обамаға қолдау білдіретіндерін айтқан. Зерттеу жүргізілген кезде АҚШ президентінің рейтингі 43 пайызды құраған.