Ғалым: Адамның қанын ішетін вампир туралы аңыз шындыққа жақын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егде тарқан адамдарға құйылған жас қан онкологиялық және нейродегенеративті ауырулардың дамуын айтарлықтай тежейді, сондай-ақ жалпы ағзаны жасартады, деп жазады америкалық New Scientist басылымы.
«Басқалардың қанын ішіп мәңгі өмір сүретін «вампирлар» туралы аңыз шындыққа жақын. Ақиқатында адамның жас қаны «жасарту» қабілетіне ие. Албыр жастың қаны қартаюды тежеп, онкологиялық ауыруларға қарсы тұратын тіндерді түзуге қабілетті» ,- дейді америкалық дәрігер Джесс Кармазин.
Кармазин «жас» донорлық қанның көмегімен адам ағзасын жасарту саласында зерттеу жасайтын Ambrosia компанияның негізін қалаған.