Ғалым кофені қай кезде ішу пайдалы екендігін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның диетолог ғалымы Линди Коэн кофені қай кезде ішкен дұрыс екендігін анықтады, деп жазады Planet Today сайты.

Ғалым кофені қай кезде ішу пайдалы екендігін айтты

«Мен адамдарды сергіту қабілетіне ие сусынды пайдалану кешеніне зерттеу жүргізу барысында көптеген мәселелерді байқадым. Мәселен, кофені сүйікті сусын ретінде пайдаланушылардың көпшілігі оны дұрыс уақытта ішпейді екен, нәтижесінде оның пайдасынан зияны анықталды», -  деді ғалым.

Линди Коэннің сөзіне қарағанда, кофені дұрыс уақытты пайдаланып ішпеген жағдайда, ол керсінше жұмыс істеу қабілетіне кері әсер етеді.

«Ұйқыдан тұра сала кофе ішу дұрыс емес екендігін анықтадық. Өйткені таңертең адам  ағзасында кортизол мөлшері жоғары болады. Сондықтан кофені таңертең сағат 10-нан бастап ішкен орынды», - деп атап өтті Линди Коэн.