Ғалымдар 12,5 мың жыл бұрын өмір сүрген күшіктің өлексесін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік-Шығыс федералдық университеті Мамонт мұражайының ғалымдары Якутияның солтүстігінде шамамен 12.5 мың жыл бұрын өмір сүрген тағы бір күшіктің өлексесін тапты.
Алғашқысын 2011 жылы жергілікті тұрғындар тапқан болатын, екеуі де жақсы сақталған. Бұл туралы өңіраралық ғылыми экспедицияның басшысы, Мамонт мұражайының экзпозициялық бөлімшесі зертханасының меңгерушісі Сергей Федоров мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.
«Биыл Усть-Янский ауданында экспедиция уақытында ежелгі жыртқыш - иттің күшігінің өлексесін таптық, бұл осы жерден табылған екінші күшік. Қошқыл түсті жүні, терісі, ішкі ағзасы, төрт аяғы, тырнағы, құйрығы барлығы жақсы сақталған. Бұл әлем бойынша дәл осылай керемет сақталған жалғыз ежелгі жыртқыш десе де болады», - деді ол.
Оны қатырмай-ақ Якутскіге жеткізіп, мұражайдың мұздатқыш камерасына қойды.