Ғалымдар 13 жыл бұрын Марста жоғалған аппаратты тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон Университеттік колледжінің өкілдері Марс бетінің жаңа суреттерін таныстырды. Бұл суреттерден жоғалған «Бигль-2» қондыру модулін көруге болады. Бұл туралы колледждің ресми сайтында хабарланды.

Ғалымдар 13 жыл бұрын Марста жоғалған аппаратты тапты

Суреттерді түсіру үшін зерттеушілер Gotcha-PDE-TV технологиясын пайдаланды.

Авторлар көрсеткен суреттер Mars Reconnaissance Orbiter ғарыш аппаратының бортына орнатылған HiRISE камерасы арқылы жасалған. HiRISE камерасы 300 км биіктен 30 см затты ажырата алады.

Олар сурет түсірудің қанықтылығын арттырып, 5 см затты ажырата алатындай өзгертті.

Технологияны құрастырушылар екі суретті жұрт назарына ұсынып отыр. Біріншісінде 2004-2010 жылдары Марста жүрген SPIRIT көлігінің іздерін көруге болады.

Сондай-ақ ғалымдар болжам бойынша «Бигль-2» модулі қонған жердің қанықтығы жоғары суреттеріне қол жеткізді. Суреттен Y-пішінді заттың нышанын байқауға болады. Зерттеушілердің пайымынша, бұл ғарыш аппараты.

Зерттеушілер суреттермен жұмыс жасауды жалғастырып, өзге суреттердің сапасын жақсартпақ.