Ғалымдар: 2016 жыл шектен тыс ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық ғалымдар ауа райына қатысты болжам жасады. Олардың мәлімдеуінше, 2016 жыл шектен тыс ыстық болып, рекордты температура орнайды. Мұның барлығына жаһандық жылыну мен Эль-Ниньо құбылысы себеп болуда, деп хабарлайды epochtimes.ru-ға сілтемемен 24.kz.

Ғалымдар: 2016 жыл шектен тыс ыстық болады

Ғалымдар Жер бетіндегі ауа температурасының әрі қарай жоғарылай беретінін алға тартады. Ал келесі 2017 жылы бұл ыстық аз да болса бәсеңсуі тиіс екен. Бұл Эль-Ниньоға қарсы жүретін Ла-Нинья құбылысының арқасында болады. Бірақ, мұнан соң Жердегі температура қайтадан жоғарылауы мүмкін.