Ғалымдар: 2017 жылы әлемде 3 млн бала көз жұмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы әлемде бес жасқа дейінгі 3 млн бала көз жұмады. Ғалымдар бұндай болжамды инфекциялық аурулармен байланыстырып отыр. Сондай-ақ Дүниежүзілік гигиена туралы кеңестің баяндамасында да айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғалымдардың пікіріне қарағанда, Жер шарының баласы бар 50 пайыз тұрғындары гигиена ережелерін сақтамайды. Ал бұл баланың ерте жаста көз жұмуының бірден-бір себебі екен. Қарапайым ғана қолды сабынмен жуу диарея өлімін 50 пайызға азайтады.
Жыл сайын 1 млн бала өкпе қабынуынан, ал 700 мыңы диареядан көз жұмады, дейді сарапшылар.
Осыған дейін мамандар әр бесінші адам дәретханадан шыққан соң қолын жумайтынын айтқан болатын. 10 пайызы тек қолын шая салса, 40 пайызы қолын 10 секунд қана жуады, деп жазады шетелдік БАҚ. .