Ғалымдар 3D-принтерден тіс басып шығаруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық мамандар 3D-принтерден тіс басып шығаруды үйренді. Сондай-ақ жапон ғалымдары тін жасушаларынан табиғи тістен айнымайтын тіс жасауды ойлап тапты, деп хабарлайды 2.russia.tv.
Америкалық ғалымдардың айтуынша, тістің саулығы оның түсіне, ақ немесе қоңыр түсті болғанына байланысты емес. Тіс саулығы ауыз қуысындағы бактериялардың жұмысына байланысты.
Сондай-ақ олар тәтті тағамдар ғана тіс ауруларына әкеліп соғады деген жаңсақ пікір деп отыр. Себебі, адамның ауызында шамамен 150 бактерия болады. Ал ауруға себеп осы бактериялардың шамадан тыс көбейіп кетуі екен.
Бүгінде АҚШ-та тіс саулығы тұтас индустрия және табыс көзіне айналған. Өйткені, америкалық мамандар 3D-принтерден тіс басып шығаруды жолға қойып, алдағы уақытта ауызда тісті гүл отырғызғандай өсіріп шығаруды көздеп отыр.