Ғалымдар 500 млн адамды табиғи апаттан аман алып қалуды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геофизиктер әлем бойынша өзен-сулар маңында тұрып жатқан 500 миллионннан астам адамға қауіп төндіріп отырған апатты ескертті. Аталған зерттеу «Science Advances» журналында жарияланды, деп жазады РИА Новости.

Ғалымдар 500 млн адамды табиғи апаттан аман алып қалуды ұсынды

Мамандар зертханада жаһандық жылынудан болуы мүмкін су тасқынын бейнелеген. Алған мәліметтерге сәйкес, су басу қаупі адамдар өмір сүріп жатқан көптеген аралдарға төніп отыр.
Геофизиктер су тасқынын өзен салаларынан өткізіп, су ағу механизмін де зерттеді. Ғалымдардың шамалауынша, зерттеу қорытындылары миллиондаған адамның өмірін сақтап, табиғи апат салдарынан болатын шығынды азайта алады.

Фото: © AFP 2016/ Noel Celis