Ғалымдар 66 млн. жыл бұрын болған орман өртінің іздерін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар 66 млн. жыл бұрын болған орман өртінің іздерін тапты, делінген ғылыми Palaeogeography, Palaeoclimatology, Palaeoecology журналында жарияланған мақалада.Бұл туралы «Газета.Ru» сайты хабарлады.

Ғалымдар 66 млн. жыл бұрын болған орман өртінің іздерін тапты

Олар динозаврлар қаңқасын іздеп жүріп, қазу жұмыстарында ағаш күлінің үлкен жынысына тап болған. Бұл жыныстар зерттеушілердің ежелгі ормандар өрттерден кейін қазіргідей қайта қалпына келгенін түсінуге мүмкіндік берді: бұрынғы ағаштардың орнына қандағаш және қайың сияқты ағаштар өсіп шыққан.