Ғалымдар 97 жастағы адамның жасушаларын «жасартты»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Цукуба университетінің қызметкерлері қартаюдың митохондриальдық теориясын жоққа шығарды, бұл қағида бойынша жасушалардағы метаболалық үдерістің баяулауы ДНК-дағы митохондрий мутацияларының қордалануына байланысты болмақ. Ғалымдар қартаю тетігіне жаңа түсіндірме ұсынды, сондай-ақ 97 жастағы адамның жасушаларын «жасартты».
None
None

Зерттеу авторлары жас және егде адамдардың жасушыларындағы митохондриалдық мутациялардың санын зерттеді. Science Reports журналына ұсынылған мәліметтерге сәйкес ғалымдар екі жасушалық желілердегі митрохондрий ДНК-де мутация санындағы елеулі айырмашылықты таба алмады, деп жазады medportal.ru . Осыған байланысты зерттеу авторлары жасушаның қартаюы үдерісіне жаңа түсіндірме ұсынды. Олардың пікірінше, бұл тетікке ДНК-нің алғашқы жүйелілігін қозғамайтын эпигенетикалық факторлар әсер етеді.

Ғалымдар митохондриалдық ДНК аймағына талдау жасады және олардың пікірінше, эпигенетикалық факторлар әсер ететін екі саланы тапты - мысалға ақуыздар. Бұл аймақтар глицин аминді қышқылдарын өндіруге жауап беретін гендер болып шықты. Зерттеу авторлары 97 жастағы адамның жасушаларын глицинге бай ортаға 10 күнге орналастырды. Бұл жасушаны «жасартуға» мүмкіндік берді, митохондриялар қайтадан аденозин үш фосфат (АТФ) молекулаларын синтездей бастады. Енді ғалымдар эпигенетикалық факторлардың тұтас организмнің қартаюына әсеріне осындай зерттеу жасауға үміт артады.

Соңғы жаңалықтар