Ғалымдар адамдарға жасанды қан құюға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңданарлық ерекше зерттеуден кейін бірінші рет адамның жасушаларынан жасалған жасанды қан сыналды, деп жазады The Times газеті.

Ғалымдар адамдарға жасанды қан құюға дайын

Эдинбург университетінің жобасын басқарушы Шотландия қан құю ұлттық қызметінің медициналық директоры Марк Тернер былай деп атап өтті: «Біз бірінші рет адам денесіне пайдалануға жарайтын қызыл қан түйіршіктерін жасап шығардық. Бұрын бізде мұндай болмайтын».

2016 жылы жүргізуді жоспарлап отырған зерттеу өнеркәсіптік ауқымда қанды өндіруге жол ашуы мүмкін. Тіпті, донорлық қан орнын ауыстыруы мүмкін.

Зерттеуге жүйелі түрде қан құюды қажет ететін қан түйіршіктерінің ауруы - талассемияға шалдыққан үш науқас қатысады. Олар бастапқыда шамамен 5 мл қан алады. Ол жасушалардың ағзада қаншалықты әсер ететінін тексеруге мүмкіндік береді. Профессор Тернер бұл жаңалық жөніндегі хабарландыру қан донорлығын тоқтатудың белгісі болмауы керектігін атап өтті, бірақ оның пайымдауынша, жасанды қанды пайдалану жиырма жылдан кейін қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.