Ғалымдар адамға қатты ұқсайтын робот бойжеткен жасап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ғылыми-техникалық университеті қытайлық CCTV арнасы видеосын жазған робот бойжеткенді қайта көрсетті. Бұдан бұрын Интернетте оның түсірілімдері пайда болған, деп хабарлады Росбалт.
Jia Jia есімді робот сырттай жас азиялық бойжеткенге ұқсайды. Бір көргенде адам деп қалуға болады. Роботтың терісі силиконнан жасалған, ал бет бейнесі универстеттің бес студентінің келбетіне ұқсатылып жасалған.
Jia Jia басын изеп, көзін ашып-жұмып, қолын қозғалта алады. Бұдан басқа ол иесінің дауысын тануға қабілетті және оны «ием» деп атай алады.
Пайдаланушылар пікірде роботтың сыртқы түрі ғана кәдімгі адамға ұқсайтынын, ал техникалық жағын пысықтау қажеттігін атап өткен. Көпшілігі роботтың қозғалысын қызық, жасанды, қорқынышты және т.б. деп баға берген.