Ғалымдар адамның неге жалқау болатынын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оксфорд университетінің ғалым-нейробиологтары жаңа ғылыми зерттеу жұмысында адам бойындағы жалқаулық қасиеттің ми жұмысындағы көрінісін анықтады, деп жазады meddaily.ru

Ғалымдар адамның неге жалқау болатынын анықтады

Атап айтсақ, экспериментке қатысуға тілек білдірген барша еріктілерге физикалық күшті талап ететін түрлі тапсырмалар берілді. Қатысушы тапсырманы орындаса, оған сыйақы берілетіні жарияланды. Бұл ретте ғалымдардың міндеті қатысушы-еріктілердің ми белсенділігі көрсеткішін магниттік-резонанстық томограф көмегімен анықтау болды. Зерттеу нәтижесінде, мамандар енжар адамдардың ми қабығы қозғалысының ерекшеліктерін байқады. Енжар, боркемік, жалқау адамдар тапсырманы «орындасам ба, орындамасам ба?» деген екіұдай сұраққа көп бас қатыратын болып шықты. Олардың тапсырманы іске асыруға арналған энергиясы осылай азайып қалатыны анықталды. Алынған нәтиже ғалымдарға келешекте патологиялық сипаты бар енжар адамдарды емдеу әдістемесін әзірлеуге жәрдемдеседі деп қорытындыланды.