Ғалымдар адамның жиі есінеу себебін анықтады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Вена университетінің ғалымдары адамның есінеу жиілігі жыл маусымына, демек ауа температурасына байланысты екенін айқындады.

Ғалымдар адамның жиі есінеу себебін анықтады

Бұл туралы мақала «Physiology & Behavior» ғылыми журналында жарияланған, деп жазады Газета.ру. Олар бұл қорытындыны жүз адам қатысқан зерттеулердің нәтижесінен кейін жасаған. Ғалымдар оған қатысушыларды қалада қыдырыстаған кездерінде жыл бойы үздіксіз бақылап отырған. Сөйтіп, олар адамдардың ыстық және құрғақ ауа райында жиірек есінейтінін анықтаған. Есінеу кезінде адамның миы салқындайтындықтан, ғалымдар бұл құбылысты қисынды деп тауып отыр. Әйтсе де, аптап ыстықта жиі есінеудің адамға көп көмегі тие қоймас. Дегенмен, оның мақсаты денеде салқындық сезімін тудыру екені айқын болды.