Ғалымдар АҚШ аспанындағы ақпа жұлдыздың пайда болғанын растады
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар АҚШ аспанында ақпа жұлдыздың пайда болғанын растап отыр. Бұл туралы ақпа жұлдыздар қауымдастығының қызметкері Роберт Лансфорд мәлімдеді, деп жазады РБК.
Ұйым бұл оқиға туралы 13 штаттан, сонымен қатар Канаданың екі шет аймағынан 300-ден астам хабарлама алынды.
Оның айтуы бойынша, ол құйрықты жұлдыз немесе астероидтың сынықтарының жануы кезінде пайда болған жарық ақпа жұлдыз болды. Ғалымдардың қорытындысы бойынша, өте жарық ірі ақпа жұлдыз батыстан шығысқа ұшып өтті.