Ғалымдар әлемдегі ең мықты биоматериалды анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін биологтар Жердегі ең мықты биологиялық материал өрмекшілердің өрмегі - жібек жіп деп ойлаған. Алайда ағылшын ғалымдары бұл пікірді жоққа шығарды. Олардың пікірінше өрмекші жібінен теңіз ұлуының тісі беріктеу екен.

Ғалымдар әлемдегі ең мықты биоматериалды анықтады

Ұлыбританиялық зерттеушілердің мәліметінше, теңіз ұлуының тісі өрмектен мықтырақ, ол тіпті кевлардан да берік. Ұлулар тістерімен құздардан азығын тазартып алады екен.

Зерттеу кезінде ғалымдар теңіз ұлуының тісі гетит минералының ұсақ талшықтарынан тұратынын анықтаған, деп хабарлады "Моя планета".