Ғалымдар әлемдегі ең ұзын және ең ұзақ найзағайды тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - The USA Today хабарлағандай, найзағай тоғыз жыл бұрын байқалған. Оның ұзындығы шамамен 320 шақырымға жеткен. Сондай-ақ, найзағайдың жарқылдауы бойынша ең ұзағы да тіркелді, деп жазады The USA Today.
Ең ұзын найзағай Оклахома аспанында 2007 жылы 20 маусымда көрінді. Оның өлшемдерін Нью-Йорктан Вашингтонға дейінгі ара-қашықтықпен салыстыруға болады.
Ал ең ұзақ найзағай 2012 жылы 30 тамызда Францияда байқалған. Найзағайдың жарқылы Прованс-Альпі тауы және теңіз жағалауы арқылы өтіп, ұзақтығы 7,74 секундты құрады. Екі рекордты да Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы тіркеп, сертификаттады.