Ғалымдар: әлеуметтік желіге суреті жарияланған тағам дәмдірек көрінеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желідегі парақшаңызға жегелі отырған тағамның суретін жиі жариялайсыз ба? Ал АҚШ ғалымдары бұл әрекеттің тәбетті арттыра түсетінін алға тартты. Сөйтсе, ішкелі отырған асын әуелі суретке түсіріп, ғаламторға жариялап болып ғана тамақ жейтіндер ерекше рахатқа бөленеді екен, деп жазады 24.kz.

Зерттеушілер бұл тұжырымды Journal of Consumer Marketing басылымында жариялады. Осы ретте өткізілген тәжірибеге 100-ге жуық адам қатысып, жоғарыда сипатталған әрекетті қайталаған.

Ал енді солардың 90%-ы суреті жарияланған тамақтың әдеттегіге қарағанда әлдеқайда дәмдірек болып көрінгендігін мойындапты. Ғалымдар бұған мынадай түсініктеме берді: адам тағамды суретке түсіру барысында оны түрлі қырынан қарастырып, астың жалпы сыртқы көрінісіне іштей баға береді. Сол себепті суретке түсіріліп, парақшаға жарияланған кез келген ас анағұрлым дәмді болып көрінеді.

Соңғы жаңалықтар