Ғалымдар алмас жаңбыр жауатын жерді анықтады

Бірқатар астроном-ғалымдар Сатурн және Юпитердің төменгі қабаттарында көлемі бойынша алып алмас болуы мүмкін, ал осы ғаламшар атмосферасының жоғарғы қабаттарында жүйелі түрде "алмас жауады" деп санайды.
Жер ғаламшары үшін мұндай ғажайып қарапайым жолмен түсіндіріледі. Ғаламшар қойнауындағы жоғары температура, сондай-ақ, төтенше жоғары қысым, алмас өндіру жөніндегі өзіндік фабриканы генерациялайды.
Ғалымдар ұзақ уақыт шеңберінде жиналған осы ғаламшар атмосферасындағы температура, тығыздық және қысым бойынша мәліметтерді сараптап осындай қорытындыға келді. Атап айтқанда, ғалымдар Сатурн және Юпитер атмосферасында жиі боран соғады деп санайды, кейбірінің барысында көмірсудың бір бөлігі графитке айналады. Сосын графит кішкентай алмасқа айналып, атмосфераның төменгі қабаттарына түседі.