Ғалымдар: Антарктикада жыл сайын 160 млрд. тонна мұзды жоғалтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Антарктикалық мұздық шебі жыл сайын 160 млрд. тонна мұзды жоғалтады. Бұл туралы дүйсенбіде Geophysical Research Letters басылымы жариялаған зерттеу деректерінде хабарланған.

Ғалымдар: Антарктикада жыл сайын 160 млрд. тонна мұзды жоғалтады

Қазіргі кезде мұздың еруі қарқыны соңғы өлшемдер жүргізілген төрт жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есеге жоғары.

Мұздық шебі көлемінің өзгеруін Еуропалық ғарыш агенттігінің «Cryosat» спутнигінде орналасқан радар өлшеп отыр. Құралдың көрсеткіштеріне қарағанда, жыл сайын мұздың үстіңгі қабаты екі сантиметрге жұқарады екен.

NASA есептеулері бойынша Антарктиканың барлық мұзы еритін болса, онда теңіз деңгейі екі метрге жоғарылайды, деп жазады ВВС.