Ғалымдар Антарктиканы киттің көзімен көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның Антарктикалық бөлімшесінің ғалымдары Хобартта Антарктида маңындағы крильмен қоректенетін үш бүкір киттің арқасына видеокамера орнатты.
Видео жазбаның көмегімен ғалымдар киттердің көп уақытын демалыспен және бір-бірімен өзара байланыста өткізетінін білді.
Видеокамералар теңіз жануарларына арнайы сорғыш арқылы орнатылып, 24-48 сағат бойы жұмыс жасап тұрды. Кейін ғалымдар қуат көзін ауыстырып, көрсетілімдерді алды.