Ғалымдар: әр банкнотта 26 мыңға дейін бактерия тіршілік етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар бір банкнотта 26 мыңға дейін вирустар мен зиянды микроағзалар болуы мүмкін екенін анықтады. Сондықтан дәрігерлер ақшаны әр ұстаған сайын қолды жууды дағдыға айналдыруды ұсынады, деп жазады Росбалт.
Адамның денсаулығына зиянды ақша бактерияларының санын Оксфорд университетінің сарапшылары есептеді. Ғалымдар 12 елден 9 мың адамға сауалнама жүргізген, нәтижесінде мынадай деректер алған: әрбір бесінші адам ғана банкнотты ұстағаннан кейін қолын жуады екен.
Психологтар банкноттарды - билік пен табыстың қуатты нышаны санайды. Сондықтан оны ұстаған адамның, әдетте, қауіптену сезімі жойылып кетеді.
Сарапшылар, сондай-ақ, банкноттан ауру жұқтыру тәуекелі еуро, дат кроны және ресейлік рубль иелерінде болатынын анықтады. Олар ауру тудыратын қауіпті микроағзалар тасуда көш бастайтын болып шықты, деп хабарлады Myjane порталы.
Еуропада халықта ақшада мекен ететін вирустан арылту үшін бірқатар елеулі шаралар қабылданып жатыр. Сонымен, мысалы, оларды жамылғысы бар, сүртуге, зарарсыздандыруға, жууға болатын арнайы әзірленген қағазда шығара бастады.