Ғалымдар артық салмақтан арылуға көмектесетін жеміс түрін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лунда университетінің ғалымдары итбүлдірген жемісі майлы тамақтарды залалсыздандырып, артық салмақтың жиналуын болдырмайтындығын анықтады.

Ғалымдар артық салмақтан арылуға көмектесетін жеміс түрін атады

Зерттеушілер тышқандардың бірнеше тобын алып оларды әр түрлі жеміс түрлерімен: итбүлдірген, таңқурай, көкжидек, т.б. тамақтандырған. Зерттеу барысында анықталғандай, итбүлдіргенмен тамақтанған тышқандар тобында холестерин мөлшері мен қандағы қант мөлшері қалыпты болып, артық салмақ болмай шықты, деп жазады rosbalt.ru.